Ауланған балықтың кесірінен балықшы о дүниеге аттанып кете жаздады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық балықшыны оның  аузына секіріп кіріп кеткен балықтан соң жедел жансақтау бөліміне жеткізуге тура келді, деп хабарлайды Би-Би-Си.

28 жастағы Сэм Квиллиам өзінің сәтті балық аулауына орай  және жергілікті дәстүр бойынша алғашқы ауланған балықты сүйген. Бірақ сол мезетте ұзындығы 14 сантиметрлік  камбала тұқымдас теңіз балығы қолынан сусып шығып кетіп, балықшының аузына кіріп кетті, дейді оның жанында болған досы. Ер адам тұншығып, тынысы тарылып тіпті дем ала алмай қалған. Жедел жәрдем  қызметкерлері көлік ішінде   зардап шегушінің тамағында тұрып қалған балықты қысқаштың көмегімен  суырып, оны ажалдан алып қалды.

Бұл оқыс оқиға британдық Борнмут қаласы маңындағы теңіз жағасында орналасқан  Боскомб курортты аумағына болған.

 

Соңғы жаңалықтар