Аулада баланы мерт қылған КамАЗ жүргізушісіне үкім шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада кәмелет жасына толмаған баланы қағып кеткен қоқыс жинаушы машинаның жүргізушісіне үкім шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА астаналық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың тамыз айында қоқыс жинаушы КамАЗ көлігінің жүргізушісі, тұрғын үй ауласында жүріп жылдамдықты асырғандықтан,  велосипед мінген баланы қағып кеткен болатын. Кәмелетке толмаған бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмған еді», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Алматы ауданының №2 соты жүк көлігінің жүргізушісін ҚР қылмыстық кодексінің  345-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар