Аула сыпырушының 2 млн ақшасын ұрлап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде белгісіз біреулер Чертановский көшесіндегі аула сыпырушының пәтерін тонаған. Қаскүнемдер зардап шегушінің екі миллион рублін қолды еткен.

Қылмыс 19 қыркүйек күні болған. Үш ер азамат пәтерге баса- көктей кіріп келіп, аула сыпырушының әкесін ұрып-соғып, скотчпен байлап қойған. Содан кейін тонаушылар ақшаны алып кетіп, ізін суытқан.

Байлаулы зейнеткерді аулы сыпырушының інісі тапқан. Сондай-ақ, ол полицияға болған оқиға туралы хабарлаған. 

Соңғы жаңалықтар