Аукционда Черчилльдің соңғы картинасы сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған соңғы суреті Лондондағы Sotheby's аукционында 357 мың фунт стерлингке (473,6 мың доллар) сатылды, делінген аукцион үйінің хабарламасында.

Черчилль «Чартуэллдегі алтын балықтар тоғаны» атты туындысын қайтыс боларынан үш жыл бұрын,  1962 жылы аяқтайды. Онда британ премьері өзінің «ерекше сүйікті орнын» - Англияның оңтүстік-шығысында орналасқан Кент графтығының Уэстерхэм қаласы маңындағы көзден таса жердің кескінін салған, деп хабарлайды ТАСС.

Черчилль оны өзінің оққағары сержант Эдмунд Марриге сыйға тартады. Сержант Черчилльге суретті салуға бояулар мен қылауыш дайындауға көмектескен еді. Содан бері сурет Марри отбасында сақталып келген.

Туындының аукциондағы бастапқы бағасы 50-80 мың фунт төңірегінде бағаланған болатын. Туындының жаңа иесінің есімі әзірге құпия күйінде қалуда.

Фото:© Leon Neal/Getty Images

Соңғы жаңалықтар