Ауғанстаннан келген оралман соттың көмегімен құжаттарын алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Соттың басқа мемлекеттік органдармен әрекеттестігі тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарының өзекті мәселелерін тиімді шешу мүмкіндігін арттырып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда туған, қазіргі кезде Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында тұратын Жұма Ғұлам Сахи аудандық соттың төрағасына өзінің туыстық қатынастары бойынша азаматтық ісін адал қарағаны үшін алғыс хат жолдады.

2016 жылы Жұма Ғұлам Сахи отбасымен бірге Ауғанстан Ислам Республикасынан Қазақстанға көшіп келген болатын. Оралман куәлігін алғанмен, көп уақыт балаларына туу туралы куәлік ала алмай келген. Ата-ана мен балалар арасындағы туыстық қатынастарының заңды дерегін анықтау жөнінде сотқа өтініш жолдаған. Соттың үкімі АХАТ бөлімінде өтініш берушінің мәселесін шешуге жағдай жасаған, деп мәлімдеді Байзақ аудандық сотындағылар. Хат авторы өз ризашылығын Фейсбук арқылы да жариялаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының кеңейтілген кеңесінде Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев тұрғындардың тұлғасын растайтын құжаттарын ала алмай жүрген әлеуметтік әлсіз топтарын құжаттандыру тақырыбын қозғап, мұндай мәселелер соттың басқа мемлекеттік органдармен әрекеттестігі арқылы тиімді шешуге болатынын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар