Ауғанстандағы жер сілкінісі Шымкент және Тараз тұрғындарына сезілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда болған 6.9 магнитудалы жер сілкінісін Шымкент және Тараз тұрғындары да сезді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 13 сағат 07 минут 00 секундта тіркелді, эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 894 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында болды.

«Энергетикалық санаты 14.1. Магнитуда MPV 6.9. Ошағының тереңдігі 180 км. МSК-64 шкаласы бойынша: Шымкентте 3-4 балл, Таразда 3 балл сезілді», - делінген хабарламада.

Осыған дейін Шымкентте сағат 13-10-да жер сілкінгендігі жөнінде хабар таратылған болатын.

Соңғы жаңалықтар