Ауғанстанда Кабулдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа жоспар құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Ішкі істер министрлігі ел астанасы Кабулдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды күшейтуді көздейтін жоспарды аяқтады. Бұл туралы жексенбі күні Ислам Республикасының ІІМ-нің баспасөз хатшысының орынбасары Нусрат Рахими мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС ауғандық Tolo News телеарнасына сілтеме жасап.

«Кабулдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспар даярланды және ел президентімен келісілді»,-деді ол.

«Жаңа жоспар ел астанасындағы қауіпсіздіктің барлық аспектілерін қамтиды.

Tolo News арнасының хабарлауынша, құжатта соңғы рет жасалған шауыл кезіндегі мәлім болған қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әлсіз жақтарына ерекше көңіл бөлінген.

«Қауіпсіздік күштері болашақта болуы мүмкін қақтығыстарға қарсы тұру үшін қажетті шараларды дайындауға бар тәжірибелерін пайдаланды», деп түсіндірді телеарнаға ішкі қауіпсіздік мәселесі бойынша парламенттік комиссияның басшысы Мирдад Ниджраби.

Соңғы жаңалықтар