Ауғанстанда автомобиль жарылысынан 40-тан астам әскери қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда әскери базаның жанында автомобиль жарылып, кем дегенде 40 әскери қаза тапты, деп хабарлайды Tolo News телеарнасы.

«Екі жанкешті лаңкес Қандағар провинциясының Мейванд ауданында орналасқан Humvee әскери базасына шабуылдап, 40 әскерді өлтірді», - делінген хабарламада.

1TV телеарнасының деректеріне қарағанда, Ауғанстан Қорғаныс министрлігі шабуыл сәрсенбі күні кешке жасалғанын растаған.

Фото: © AFP 2017 / Jawed Tanveer

Соңғы жаңалықтар