Ауғанстанда 60-тан астам лаңкестің көзі жойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның қауіпсіздік күштері өткен тәуліктерде арнайы операция жүргізіп, 66 лаңкестің көзін жойды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Шұғыл шара елдің бірнеше провинциясында жүзеге асырылды. 23 содыр жараланып, 10 адам тұтқынға алынды. Ал үкімет жасақтары тарапынан 6 сарбаз қаза тапты.

Ауғанстанда соңғы айларда жағдай ушығып тұр. Себебі, елдегі «Талибан» радикалды қозғалысының қарулы топтары ірі қалаларға шабуылды үдетіп, «Ирак және Левант» ұйымының содырлары ықпалын күшейтуге кірісті

 
Соңғы жаңалықтар