Ауғанстан президентін Астанадағы ШЫҰ мен ИЫҰ саммиттеріне шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы Қазақстан Елшісі Өміртай Бітімов Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммад Ашраф Ғанимен кездесті және оған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалін, сондай-ақ Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар саммитеріне шақыртуды табыс етті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ө.Бітімов Ауғанстан басшысын Қазақстандағы үдерістер мен Елбасының бастамаларымен таныстырды.

А. Ғани марапат үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Ол Ауғанстанның «Қазақстан көшбасшысының мемлекетті реформалау, қазақстандық қоғам институттарының ары қарай іс-қимылына бағытталған жоспарларын» қолдайтындығын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан елшісі мен Ауғанстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

 

Соңғы жаңалықтар