Ауғанстан мен Мавритания президенттері Астанаға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Ауғанстан президенті Ашраф Гани Ахмадзай мен Мавритания президенті Мохаммед Ульд Абдель-Азиз Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымының бірінші саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мавритания көшбасшысын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун күтіп алды.

Президент Ахмадзайдың ұшағын ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Өміртай Бітімов және Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов қарсы алды.

Атап өткен жөн, 10-11 қыркүйек күндері Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ бірінші саммиті өтеді. Саммитке ИЫҰ мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысады.

Одан бөлек, 10 қыркүйек күні Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар