Ауғанстан Қазақстанға астық терминалдарын салуды ұсынып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан астығын тиімді экспорттау үшін Ауғанстанда терминал салу керек. Бұндай пікірді Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауғанстанға астық экспорты бойынша бізде тиісті мәселе талқыланып жатыр. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ауғанстан комиссиясының тең төрағасы болған кезімде өзара сауда жағдайы талқыланғаны белгілі. Сол кезде, яғни 5-7 жыл бұрын ауған тарапы бізге Мазари-Шарифте астық терминалын, элеваторды салуды ұсынған еді. Сонымен қатар Кабулдың өзінде элеваторды салу ұсынысымен шықты. Осы орайда Ауғанстанға жыл бойы астық экспорттауға мүмкіндік ашылады. Неге осы күнге дейін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Ауғанстанда бұл мәселемен айналысуға ниетті емес?», - деп тоқталды Владимир Божко Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында.

«Осы орайда Ауғанстан аумағында, сондай-ақ басқа да әлеуетті нарықтарда астық терминалдары мен элеваторларын салу жоспарланып отыр ма?», - деп сұрады Мәжіліс төрағасының орынбасары ҚР АШМ мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы өкілдеріне қаратып айтқан сауалында.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаев жыл соңына дейін аялдау базаларын кеңейту мен терминалдарды салу тұрғысындағы мәселелер қарастырылатынын атап өтті.

«Қаңтар айының басында бұл мәселеге қатысты нақты жаупты береміз»,-деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай , ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаев астық экспортына арналған вагондардың тапшылығы неден туындағанын түсіндірген болатын. 

Бұған Қазақстанның астық вагондарының Ауғанстан бағытындағы кептелісте қалып қойғаны себеп болған.

Соңғы жаңалықтар