Әуесқой теннисшілер елордада бас қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннис спортының әуесқойлары Астанада бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

«Астана Оупен» деп аталатын бәсеке жыл сайын наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады. Отандық теннис федерациясы биыл да сол дәстүрден жаңылмай, жарысты жоғарғы деңгейде өткізіп жатыр.

Ашық турнирге қатысам деушілер саны биыл 120-ға жетті. Осыған орай доданы 3 деңгей бойынша өткізу жөнінде шешім қабылданды. Яғни ерлер 30 жастан және 45 жастан жоғары деп 2 топқа бөлінді. Бұған қоса биыл алғаш рет әйелдер арасындағы бәсеке қосылды. Жарыстың өзі 23-ші наурызға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 800 мың теңгені құрайды.

«Әуесқойлар арасындағы жарыстарды жиі өткізуге тырысамыз. Өйткені, бұл бұқаралық спорттың дамуына керемет серпін береді. Бұған қоса, адамдардың демалыс кезінде бойын сергітіп, жақсы әсер алуына көмектеседі. Әсіресе әртүрлі аймақтардан арнайы келетіндердің көптігі қуантады. Бұл Қазақстандағы теннистің дұрыс жолмен дамып келе жатқанын білдіреді», - дейді Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский.

Соңғы жаңалықтар