Әуеде Ресей ұшағының жанармайы таусылып қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 26 қазан күні РФ Нижнекамскіден Мәскеуге ұшып келе жатқан ресейлік әуе компаниясына тиесілі ұшақтың жанармайы бітіп қалған.

Лайнердің жанармайы Мәскеуге жақындап қалған кезде таусыла бастаған, бірақ қонуы тиіс болған Шереметьево әуежайына дейін  айтарлықтай қашықтық бар еді.

Сол сәтте ұшақ Мәскеудің басқа ауданындағы әуе айлағының - Домодедово әуежайының аумағында ұшып келе жатқан. Диспетчерлер әуе кемесі үшін арнайы жолақты босатып, оның сәтті қонуы үшін жағдай жасауға мәжбүр болды.

«Аэрофлоттың» сайтындағы деректерге сәйкес, оқиға SU 1253 рейсінде орын алған. Ұшақ жолға 1 сағат 45 минут емес, төрт сағат уақыт жұмсады, деп хабарлайды Mash Telegram-арнасы. 

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар