Әуе қорғаныс күштері институтының түлектері сәттілікке тиын лақтырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бүгін 93 түлегін қанаттандырды. Олардың арасында Өзбекстан, Тәжікстаннан келіп білім алғандар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бүгін 93 түлекке диплом берді. Олардың арасында Қырғызстан мен Тәжікстан республикаларының 11 әскери қызметшісі бар.
null

«Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы оның қауіпсіздігіне байланысты. Сол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін азаматтардың өмірінде бүгін тарихи күн туды. Жоғары оқу орнын бітіріп, еліміздің, Отанымыздың, халқымыздың алдындағы азаматтық борышты өтеуге кірісесіздер. Офицер - әскердің абыройы. Офицер тек мемлекеттік қызметкер емес, ол жеңісті ұйымдастырушы, басқарушы, әскерге рухани тәрбие беруші. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рахани жаңғыру» мақаласын жариялады. Біз өз ұрпағымызды Отанды, ұлтты сүюге тәрбиелеуіміз керек»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null

Курсанттар 4 жыл 2 ай бойы әскери машықтарды меңгеріп, авиация мамандықтарын игерді. Шыдамды, табанды болуға үйренді. Олар жоғары оқу орнында әуе кемелерін пайдалану, яғни, ұшақтар мен тікұшақтарды басқаруды үйренеді. Сонымен қатар, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетушілер мен жер мен көкті байланыстырып отыратын радиоэлектронды жабдықтармен жұмыс істейтін әскери қызметшілер оқытылады. Диплом табыстау салтанатына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров қатысты. Ол ҚР Қорғаныс министрінің құттықтау хатын оқып берді. Ата-аналар да жылы лебіздерін білдірді.
null

«Білім берген азаматтардың, еліміздің, Отанымыздың ақ үмітін ақтайды деп сенеміз. Өмірде қасиетті заттар бар. Ол көк туымыз, қойнауы байлыққа толы жеріміз, еліміз. Осы қасиетке қауіп төнген жағдайда елін қорғау әр азаматтың борышы. Бірнеше күннен соң еліміздің әр түкпіріндегі әскери қызметте еңбек етеміздер»,- деді түлектердің ата-аналарының бірі Кенжебек Сейсенбай.
null

 Диплом табыстау рәсімінен соң сапта жүріп өткен лейтенанттар сәттілікке тиын лақтырып, вальс биледі. 

Соңғы жаңалықтар