Әуе қатынасы жолаушыларының саны 20%-ға артты - Азаматтық авиация комитеті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан әуе тасымалы саласында тұрақты өсім байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«2018 жылғы қаңтарда әуе тасымалы жолаушыларының саны 586,6 мыңға жетті, бұл 2017 жылдағы осы кезең көрсеткішінен (491,4 мың адам) 19%-ға артық», - делінген ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында.

Өткен жылы 7,4 миллион жолаушы тасымалданды.

«2017 жылғы жолаушы ағынының өсу қарқыны 23%-ды құрап, соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Транзиттік жолаушылар тасымалы 30%-ға, жүк тасымалы 24%-ға артты. 2020 жылға қарай жолаушы тасымалын 35%, транзиттік жолаушы тасымалын 2,5 еседен артық, жүк тасымалын 2 есе арттыруды жоспарлап отырмыз», - дейді комитет өкілдері.

Соңғы жаңалықтар