Ауаның ластануынан жыл сайын 7 млн адам қайтыс болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын ауаның ластануы салдарынан 7 млн адам өмірден озады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  (ДДСҰ) сәрсенбі күні жарияланған баяндамасында осындай мәліметтер айтылды, деп хабарлайды euronews.

Бұл келеңсіз жағдай әсіресе Азия, Африка мемлекеттерінде өршіп отыр.

Бір өкініштісі, адамдар ауаның аса күшті ластануының  денсаулыққа әсерін ескере бермейді. Экологияның нашарлауы  жүрек, өкпенің созылмалы ауруға ұшырауы, рак, балалардың өкпесінің қабынуына ұшырауын бірнеше есе көбейтеді»,- дейді ДДСҰ Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мария Нейра.

Сондай-ақ ауаның ластануы шектен тыс тұрғындары көбейген мегапопистерге де тән болып отыр.

Соңғы жаңалықтар