Ауа райының қолайсыздығынан 1500-ден астам жолаушы теміржол көлігімен жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 1500-ден астам жолаушы теміржол көлігімен тасымалданды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«4 ақпан күні елдің кей аймақтарындағы күрделі метеожағдайларға байланысты автожолдардың жабылуынан, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 1500 жолаушыны діттеген жеріне жеткізу мақсатында қосымша 40 вагон тіркеу шараларын қолданды», - делінген хабарламада. Ұлттық тасымалдаушының құрылымдық бөлімшелері және орталық аппараты күшейтілген режімде жұмыс істеуді жалғастыруда.  

Соңғы жаңалықтар