Ауа райының бұзылуынан Оңтүстік пен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында кейбір жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райы жағдайының бұзылуына (қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) байланысты 18 қазан күні сағат 18:25-те Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының (534-593 шақырым аралығы) Айша-бибі бекетінен Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді», - делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында «Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының (593-606 шақырым аралығы) Жамбыл облысынан бастап Ақбиік ауылына дейінгі бөлігінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Соңғы жаңалықтар