Ауа райына байланысты 3 облыста автожолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің 3 өңірінде автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК-не сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты  (жел, көктайғақ, жолдың нашар көрінуі) «Астана-Қарағанды» бағытына барлық көлік түрлеріне шектеу қойылған.

Павлодар облысында жолдардың жабылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» а/ж участігінде (1135- 1205 км) көліктің барлық түрлерінің жүруіне тыйым салынған.

Ауа райының бұзылуына орай (көру мүмкіндігінің шектеулігі) Қарағанды облысындағы «Жезқазған-Петропавл» автожолының 65-252 шақырым аралығына (Жезді кенті-Қостанай облысы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды

6 наурыз сағат 23.00-ден бастап Ақмола облысында автожолдардың жабылуына байланысты «Алматы-Петропавл» күре жолының 65-252 км шақырым аралығы (Жезді кенті-Қостанай облысының шекарасы) барлық көліктер үшін жабылды.

Оның үстіне «Алматы - Екатеринбург» (641-1007 км, Қарағанды - Балқаш қалалары) жолдары уақытша жабылды.

Ақмола облысында да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты көктайғақ, 15-25 м/с екпіндегі жел, көру мүмкіндігінің шектеулігі) көліктің барлық түріне «Екатеринбург-Алматы» (Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі 1275-1353 км аумақ) тас жолы жабық.

Соңғы жаңалықтар