АУА РАЙЫ: Шығыс Қазақстанда ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Шығыс Қазақстан облысында 20 наурыз күні кей жерлерде қар, жауын жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар