Ауа райы: Сәрсенбі күні республикамыздың аймақтарында күн қатты ысиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның синоптиктері 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде ауа райы тұрақсыз болады. Бірқатар аймақтарда найзағай шығып, жауын жауса, кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы да мүмкін.

Батыста, оңтүстік батыста және солтүстік шығыста күн ашық болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жел тұрады. Бұршақ жаууы да ықтимал.

Қызылорда, күндіз Ақмола облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Мұнда да бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Жекелеген аудандарда бұршақ жауып, түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл, Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында секундына 15-23 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз дауыл көтерілуі мүмкін.

Күндіз Атырау облысында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар