АУА РАЙЫ: Қазақстанның оңтүстік облыстарында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет»  РМК оңтүстіктегі төрт облыста ауа райының күрт құбылатыны туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24-29 қаңтар аралығында Алматы, Жамбыл облыстарында, 26-29 қаңтар арасында Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында ауа температурасы төмендеп, түнде 15-20 градус аяз (кей жерлерде 25-30) түседі. Біртіндеп ол 20-25 градусқа дейін (кей жерлерде 30-35)  жетуі мүмкін.

Дауыл тұру ықтималдылығы - 95 %.

Соңғы жаңалықтар