Ауа райы: Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ны 28-30 қаңтар күні болатын ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Демалыс күндері елдің басым аумағында күн бұлыңғыр болады және қар жауады. Құбылмалы атмосфералық үдерістер ауа райының күрт өзгеруіне алып келеді. Алдағы демалыс күндері алдағы аптаның басындағыдай кезектесіп отыратын атмосфералық ағымдардың және антициклонның ықпалында болады. Күн бұлыңғыр болады, арасында қар жауып, аратұра күн ашылуы мүмкін»,-делінген хабарламада.

Батыс және орталық облыстарда ауа температурасы көтеріліп, солтүстік өңірлерде төмендейді. Шығыс және оңтүстікте күн жылынып, қайта суытады. Жалпы алғанда ауа температурасы нормадан жоғары болады. Тек батыста ғана ол нормадан 2-3º С-тан төмен.

Соңғы жаңалықтар