АУА РАЙЫ: 7 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қар жауады, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындарды өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауып, күндіз оңтүстікте қатты жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, жел  15-20  м/с  күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының  кей жерлерінде көктайғақ, жел  15-20  м/с  күшейеді, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының  кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдін екпіні 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-ге жетіп бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.

Соңғы жаңалықтар