АУА РАЙЫ: 11 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысына қар көп түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейіп, тек оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Соңғы жаңалықтар