Атыраулықтар Криштиану Роналдуға қазақтың шапанын кигізді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық кәсіпкерлер әлемнің әйгілі футболшыларының бірі Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу Швейцарияның Женева қаласында 24 наурыз күні болды. Кездесу барысында футболшыға сыйлықтар табыс етіліп, қазақтың шапаны көрсетілді. Біз Криштиануға Қазақстанды, қазақ халқының мәдениетін кеңінен таныстыратындай сыйлық жасағымыз келді. Сыйлықтардың арасында шапаннан басқа, Алтын адамның мүсіні, күміспен көмкерілген, ұлттық оюлармен өрнектелген белдік, қамшы мен өзге де заттар бар»,-деді кездесуге қатысқандардың бірі Алишер Өтепов.

«Футболшының балаша қуанғанына қарағанда сыйлықтар оған ұнаған болуы керек»-дейді олар.



Соңғы жаңалықтар