Атыраулық жүргізуші аязда адамдарды тегін тасуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астында көлігі бар атыраулық азамат адамдарды аязға байланысты тегін тасып жүр. Ол өзінің қайырымдылық акциясына «Атырау - мейірім қаласы» деген ат қойыпты, деп жазады «Мой ГОРОД».

Көлік иесі қаладағы такси жүргізушілерін және барлық мейірімді адамдарды аталмыш акцияға қатысуға шақырып жүр.

«Атырауда автобус жетіспейді. Жергілікті билік бұл мәселені шешіп жатқан кезде аялдамаларда аналарымыз бен қарындастарымыз, оқушылар аязға тоңып тұр. Шамамыз жеткенше оларды үйлеріне жеткізіп тастайық»,-деп жазады @million_kz001 атты қолданушы өзінің Instagram парақшасына.

Ол сонымен қатар адамдардың мұндай қайырымдылыққа таңданыспен қарайтынын да жеткізді.

«Тегін тасимыз дегенді естіген адамдар, түсінбей қалып қайтадан сұрап жатады»,-деп жазады ол.

Соңғы жаңалықтар