Атыраулық спортшы өз қаржысына спорт кешенін салып берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жанында жатақханасы бар спорт кешені ашылды. Жаңа ғимаратты спорт шебер Айбар Есенғалиев өз қаражатын салып тұрғызған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Самал шағынауданындағы спорт кешенінің құрылысы 2015 жылдың көктемінде басталған болатын. 35 адамға арналған жаттығу залы жұмыс істеп  тұр. Ғимараттың өз асханасы, жуыну бөлмелері және дайындық алаңдары бар. Сонымен қатар, спортшыларға арналған шағын жатақхана да қарастырылған. Қазір барлық жұмыс өз мәресіне жетті. Спорт кешені ел ішінен жаңа есімдерді шығаруға көмектессе, балалардың мықты болып өсуіне септігін тигізсе деген ойым бар»,-дейді Айбар Есенғалиев.
null 

Спорт кешеніне ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәлік Сүлейменовтің есімі берілді. Бұл жерге келіп кез келген адам спортпен айналыса алады. Жоба «Туған жер» бағдарламасының аясында жүзеге асырылғанын айта кетейік.

Атырауда өткен жылы барлығы 35 спорт нысаны пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар