Атыраулық кәсіпкер 52 млн теңге салық төлемегені үшін сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық бизнесмен 52 млн теңге салық төлемеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ЖК «Сам-Строй» жетекшісі бухгалтерлік құжаттарды бұрмалау арқылы салықтан жалтарғысы келген. 600 млн теңге көлеміндегі қаржылық операцияларды ол қолма қол ақшамен жүргізіп келген. Мемлекетке келтірілген залал 52 091 834 теңгені құрады, деп хабарлайды Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

 Сот үкімімен салықтан жалтарған кәсіпкер қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылып, материалдық жауапкершілік жүктейтін қызметтерде 3 бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды, сонымен қатар оған бір жарым жыл пробация режимі тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар