Атыраулық балықшылар салмағы 100 келі болатын ақсерке ұстап алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзенінен салмағы 100 келі болатын ақсерке аулаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Кіші Дамба» ұйығында Амангелді өндірістік кооперативінің балықшылары ақсерке балығын аулаған. Оны біздің зауытқа жеткізді. Ол салмағы 100 келі болатын аталық екен, оның ұзындығы екі метр. Ол жыныстық жағынан жетілген балық, егер оның аналығы ауланса, оның шоғалы уылдырықтарды ұрықтандыру үшін алынады», - деп хабарлады Жайық-Атырау бекіре тұқымдас балық өсіретін зауыттың бас инженері Болат Мұхаджиев.

Жайық-Атырау бекіре тұқымдас балық өсіретін зауыты бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсірумен айналысады. Былтыр 160 келі болатын ақсеркеден уылдырықтар алынып, 600 мың шабақ өсірілді және жаздың соңында Жайыққа жіберілді.
null  null null

Соңғы жаңалықтар