Атыраудың сол жағалауы жарықсыз қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың сол жағалауы жарықсыз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шамамен бірер сағат бұрын қаланың сол жағалауында жарық кенет өшкен. Одан бөлек қала маңындағы 20 шақты елді мекен де тас қараңғы қалды.

«Электр энергиясының өшірілуіне жоғары кернеулі желідегі апат себеп болған. Апаттың нақты қай жерде болғаны, апаттың көлемі әзірге анықталған жоқ», деді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жарық өшердің алдында қаладағы ЖЭО жақтан қатты дыбыс естілгенін жазып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар