Атыраудың орталығында астыртын ойынхана жұмыс істеп келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың орталығында астыртын ойынхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің мамандары Атырау облыстық прокуратура органдарымен бірлесіп, Атырау орталығында заңсыз жұмыс істеп келген астыртын ойынхананы анықтады. Ғимаратты тексеру барысында 4 дана покер үстелі, 4 жинақ «ЗУМ» маркілі «Бинго 37» электрондық рулеткасы, 35 дана фишка, 15 дана жүйелік блок, 13 дана теледидар, 2 дана термопринтер, 2 дана қол сканері, сондай-ақ 68 110 АҚШ доллары мен 18 млн 821 мың 980 теңге қаржы табылды», - деді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Ойынхананы жабу фактісі Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 307-бабы 1-тармағы «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру» бойынша тіркеліп, прокуратураның бақылауымен сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар