Атыраудың «Ақ Жайық» газеті бұдан былай қағаз нұсқада шығарылмайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың танымал «Ақ Жайық» газеті 1 қаңтардан бастап қағаз нұсқада шығарылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті оқырмандар! 2018 жылға газетке жазу жүргізілмейтінін және қаңтар айынан бастап басылымның сатылымға шықпайтынын хабарлаймыз! Бұдан былай газетті электронды түрде azh.kz сайтынан және әлеуметтік желілерден оқи аласыздар», - делінген басылым сайтында жарияланған хабарламада. 

 Еске сала кетейік, «Ақ Жайық» газеті өңірлік баспасөздердің ішінде ең «қалың» газет саналып келген. Ол 240 бетпен басылатын еді. Басылым тиражы 25 мың данаға дейін жететін. Атырау облысы республика бойынша адамдар ең аз шоғырланған облыс екенін ескерсек, бұны жақсы көрсеткіш деп айтуға болады. 

Соңғы жаңалықтар