Атыраудың «103» қызметі қойлардың жедел жәрдем көлігімен тасымалдануына қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «103» қызметі қойлардың реанимобильде тасымалдануына байланысты атыраулықтардың шағымына түсініктеме берді.

Қалалық жедел жәрдем станциясы «Тұма» базарынан жануарларды тиеген «жедел жәрдем» көлігі  оларға тиесілі еместігін мәлімдеді, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

«Біздің көліктеріміздің барлығы кеше шақыруларда болды. Олардың бір де бірі «Тұма» базарына барған емес. Оның үстіне реанимобильде біздің жедел жәрдем машиналарында болатын «103» белгісі жоқ. Бұл «жедел жәрдем» көлігі Атыраудағы көп жеке клиникалардың біріне тиесілі болуы мүмкін», - деді жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнафис Танбаева.

31 тамыз күні Құрбан айт қарсаңында «Тұма» мал базарында бірден бірнеше қой тиеген жедел жәрдем көлігі байқалған. Бұл ақпарат жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды: олардың бірі «жедел жәрдемнің» науқастарға көмек көрсетудің орнына әрлі-берлі жүргеніне наразылық танытса, енді бірі жануарларды көлікте тасымалдағаннан кейін жағымсыз иіс қалатындығын еске салды. Зарарсыздандырылған көлікте мал тасымалдаудың өзі барлық санитарлық ережелер мен талаптарды бұзатындығы анық. 

Соңғы жаңалықтар