Атырауды қар басып қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні сағат 23.00-ден бастап жауған қар Атырауды ақ ұлпаға орады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде наурыз басталғаннан жылы ауа райы қалыптасты, ауа температурасы 10 градусқа дейін жылынды. Қаланың көптеген аудандарында қар еріп, қыздалдақтар шықты. Алайда бейсенбі күні кешке мол жауған қар, қаланы басып қалды.

Айта кетейік, ТЖД ауа райына байланысты ескерту жасап, желдің жылдамдығы 20 метр секундқа жететіндігі туралы хабарлама таратқан болатын.

Соңғы жаңалықтар