Атыраудағы «Спецавтобаза» ЖШС директоры қамауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы «Спецавтобаза» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау қаласы №2 сотының судьясы «Спецавтобаза» ЖШС директорына қатысты екі ай «қамауда ұстау» бойынша бұлтарпау шарасын тағайындады. 

Сотқа дейінгі тергеу органдары оны мемлекет сеніп тапсырған бюджет қаржысын ірі көлемде жымқырып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасады деп айыптап отыр. 

«Қызмет бабын асыра пайдаланған ол мемлекет қаржысына бірнеше мәрте қол салған»,-деді Атырау  қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Аталған заңбұзушылық ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша  сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне  тіркелді. Тергеу шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар