Атыраудағы республикалық айтыстың бас жүлдесін 2 ақын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дəстүрлері» форумы аясында өткен республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық ақын Айзада Даулекенова мен Қарағандылық ақын Тілеген Əділов 3 миллион теңгені теңдей бөліп алды

Айта кетейік, кеше Атырау облысы əкімдігінің қолдауымен Респбуликалық ақындар айтысы басталған болатын.
null 

Қазақстанның əр өңірінен келген 20 ақын бақ сынасқан болатын. Айтыстың қорытындысы бойынша қатысқан 8 ақынға «Шабыттандыру» атты сыйлығы беріліп, 200 мың теңгеден табысталды. Сонымен қатар,қатысқан 5 ақынға "Арнайы сыйлық" номинациясы бойынша, əр қайсына 400 мың теңгеден табысталды. 3-ші орынды иеленген Мұхтар Ниязов,Айбол Жолмағамбетов жəне Дидар Қамиев 500 мың теңгені қаржығаларына байлады. Ал, 2-ші орынға жайғасқан Оралдық ақын Талғат Мықи мен Қызылордалық ақын Бекжан Əміров 750 мың теңгеге ие болды.
null null 

Айтыстың қорытындысы бойынша, бас бəйгені Атыраулық ақын Айзада Даулекенова мен Қарағандылық ақын Тілеген Əділов ие болып, 3 миллион теңгені теңдей бөліп алды.
null 

«Бұл айтысқа мен барымды салып дайындалған болатынмын. Осындай Республикалық ақындар айтысы өңірімізде болып жатқаны біздер үшін үлкен мəртебе деп есептеймін. Əліде талай шыңдарды бағындырамын», - дейді Айзада Даулекенова.

null 

Соңғы жаңалықтар