Атыраудағы өзін өртеп жіберген ер азаматтың жай-күйі қалай

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дәрігерлер әкесімен болған жанжалдан соң өзін өртеп жіберген ер азаматтың жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«32 жастағы ер азамат облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 20 қаңтар күні түсті. Оның денесінің 65 пайызын күйік шалған. Оның басы, құлақтары, беті мен екі қолы және денесі екі жағынан күйген. Қазіргі таңда ол есін жиып, оған барлық қажетті көмектер көрсетілуде. Алайда оның жағдайы әлі де болса ауыр»,-деді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Саин Шомиров.

Айта кетейік, оқиға қала маңындағы Геолог ауылында болды. Ер азамат үйлену тойынан соң үйіне келіп, әкесімен жанжалдасып қалған. Әкесі жанжал ушыға түскен соң полицияға хабар беретінен айтқан. Осы кезде ұлы аулаға шығып, өзіне бензин құйып, өртеп жіберген. 

Соңғы жаңалықтар