Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырау мұнай өңдеу зауытының ЭЛОУ-АВТ-3 блогында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалын ЭЛОУ-АВТ-3 блогының жылытушы насосынан шыққан. Оқиға таң ата сағат шамамен 04-58 минутта болды. Сағат 05-20-да зауыт аймағында орналасқан өрт сөндірушілер жалынды толықтай сөндірді. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің көмегі қажет болмады»,-деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері.

Оқиғаның зауыттың жұмысына қалай әсер еткені туралы ақпарат әзірге жоқ.

Соңғы жаңалықтар