Атыраудағы көпқабатты үйлер бейнекамера арқылы бақыланатын болады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда IP-бейнекамераларды орнату жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Алғашқы камералар көппәтерлі тұрғын үйлерге орнатылып та үлгерді. Аталған жоба бойынша барлығы 134 тұрғын үй қамтылып, оларға 1300 бейнекамера орнатылады. Жобаның операторы құрылғыны орнату мен оның жұмысын қамтамасыз етуді өзінің мойнына алып отыр. Ал, тұрғындарға тек абоненттік төлемдерді төлеу қажет. Бұдан соң олар түрлі қызмет кешенін пайдалана алатын болады»,-деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осы өңірде пәтер ұрлығы көбейіп кеткендіктен жоба облыстық прокуратураның бастамасымен жүзеге асрылуда. Бейнежазбалар оператордың серверлерінде сақталады.

Соңғы жаңалықтар