Атыраудағы 8 жасар қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы 8 жасар қыздың өліміне қатысты 28 жастағы азамат күдікті ретінде ұсталды. Күдікті қазаға ұшыраған қыздың отбасына көрші болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде бірқатар сараптаулар тағайындалды. Қылмысқа күдікті ретінде Бесікті ауылының тұрғыны ұсталды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда, қамауға алынған күдікті 8 жасар қыздың отбасына көрші болған. Ол үйленген, екі кішкентай баласы бар.

Бұған дейін Атырауда лагерьден үйіне қайтар жолда жоғалып кеткен қыздың денесі табылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Еске салайық, бүлдіршін қыз 14 маусым күні таңертең үйінен «Бесікті» мектеп-интернаты жанындағы балалар лагеріне кеткен. 17.15-те ол лагерьден кетіп қалған, бірақ үйіне оралмаған. Бұл туралы полицейлерге сағат 22.20-да хабарлаған. Жоғалған баланы іздестіру жұмыстары бірден басталып кеткен. Оның өлі денесі Қыздың денесі бүгін, 19 маусым күні табылды. Сүңгуірлер оны Жайық өзенінен оның тұратын кентінен бір шақырым жерден тапты

Соңғы жаңалықтар