Атырауда жолаушылар мінген «ГАЗелдің» мас жүргізушісі ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының басталған алғашқы күнінде жолаушылар көлігінен 105 бұзушылық анықталған. Соның ішінде, мас күйінде жолаушылар тасымалдаған «ГАЗел» жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында рульде отырып телефонмен сөйлескен, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаған, ксенондық шамдар орнатқан, рейске шығардан бұрын тексермеген, жылдамдық арттырған, маневр жасау ережесін бұзғандар жиі кездесті. Бір күннің ішінде мұндай бұзушылықтың 105-і анықталды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Рейд барысында мас күйінде жолаушылар тасымалдаған «ГАЗел» жүргізушісі ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар 18 ақпанға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар