Атырауда жол құрылысының барысын жұртшылық бақылайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда биыл жол құрылысы жұртшылықтың қатаң бақылауында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдың жағдайы - елді ойлантатын өзекті мәселелердің бірі. Ол әлеуметтік сауалнама мәліметтері бойынша облыс тұрғындарын алаңдататын мәселелер рейтингінде үшінші не төртінші орында тұрады. Біздің өңір жол салу мен жөндеуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың мөлшері жағынан көшбасшылардың қатарында келеді. Сондықтан да, бөлінетін қаражат көбейген сайын, жұртшылықтың бақылауына деген қажеттілік те арта түседі», - дейді Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Қанат Әзімханов.

Оның сөзіне қарағанда, Атырау қалалық мәслихатының жанында ТКШ мәселелері жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істеп, жұртшылық бақылау жүргізеді. Осы іске ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылған.

«Әлеуметтік желі және интернет-ресурстар арқылы қала тұрғындарының шағымдары мен ұсыныстары қабылданады. Шикі тұстар анықталған жағдайда, тапсырыс беруші арқылы мердігер ұйымды олқылықты реттеуге міндеттейміз», - дейді Қанат Әзімханов.

2018 жылы қалада және қала маңында 211 км жолға асфальт төсеу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар