13:42, 13 Қазан 2017 | GMT +6
Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда екі автомобильдің соқтығысуынан болған жол-көлік апаты салдарынан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Жол-көлік апаты бейсенбіде кешкісін Атырау-Индер тасжолының бойында Жұлдыз шағынауданында болған. Жартылай жүк тіркемесі бар МАЗ Мерседес Гелендваген көлігімен соқтығысып, жол талғамайтын көліктегі бес адам қаза тапты. Ол 29 жастағы жүргізуші мен 58-80 жас аралығындағы жолаушылар. 41 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазіргі таңда ҚК 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.