Атырауда жетім балалар ауылы салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда отбасы типіндегі жаңа балалар ауылы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде отбасы типіндегі «Шаңырақ» балалар үйінде 59 бала тәрбиеленіп жатыр. Балалар үйі бейімделген ғимараттарда орналасқандықтан, жергілікті билік бізге қолұшын созып, қала маңынан 3 гектар жер бөлді. Жоба-сметалық құжаттама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан соң құрылыс басталады. Ауылда сегіз ғимарат, спортпен айналысу және мәдени шаралар өткізуге арналған кешен, спорт алаңы болады», - дейді «Шаңырақ» балалар үйінің директоры Гүлсара Ботатаева.

Сондай-ақ бұл аумақта қосалқы шаруашылық құру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар