Атырауда жеті жұмысшының өліміне қатысты тергеу басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраудағы жеті жұмысшының өліміне қатысты іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігімен («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»)  тіркелді, деп хабарлайды «Мой Город» порталы Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған бапқа сәйкес, кінәліге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыру немесе бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Еске сала кетейік,  2 наурыз күні Атырау облысында Қарабатан «Газтурбиналық электр стансысының» құрылыс аумағында контейнер типтес жатақхана өртенгені туралы хабарланған болатын. Алдымен төрт адамның, кейін тағы екі адамның мәйіті табылып, бұдан бөлек төрт адам ауруханаға жеткізілген. Ауруханада қатты күйік шалған тағы бір жұмысшы қайтыс болған. Кейіннен, қаза тапқандардың барлығы ОҚО тұрғындары екені анықталған.

 

Соңғы жаңалықтар