Атырауда жекпе-жектен әлем чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда жекпе-жектен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтемемен.

Спорт додасының ашылу салтанаты 1 желтоқсанда - Тұңғыш Президент күні өтеді. Бұл сайыс Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған.
null

Облыстық Жекпе-жек федерациясының президенті Мадихан Бекпенбетов осы сайысқа 20 шақты алыс және жақын  шет елдерден спортшылар келетінін мәлімдеді.

Сайыс 10 салмақ категориясы бойынша өтеді. Шақыртылған спортшылардан басқа, көрермендерге арнап эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама даярлануда.

Атап өтетін жайт, бұндай сайыс Қазақстанда бұрын-соңды болмаған.

Соңғы жаңалықтар