Атырауда жекпе-жек фестиваліне 2,5 мың көрермен жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 тамыз күні Атырауда Atyrau Sport Fest 2017 деген атпен спорт күніне арналған ауқымды жекпе-жек фестивалі өтті. Көрермендер тартыстың 16 түрін тамашалап, Атырау облысының спортшылары 16 елдің жекпе-жек шеберлеріне қарсы тұрды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Фестивальдің хэдлайнері ретінде ресейлік танымал Estradarada тобы өнер көрсетіп, кештің құрметті қонағы UFC туы астында өнер көрсетіп жүрген және әлі жеңіліп көрмеген жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов болды.

- Фестивальдің басты мақсаты - адамдардың спортқа деген қызығушылығын ояту. Мұндай көлемдегі және форматтағы іс-шара Қазақстанда бірінші рет өткізіліп тұр. Жергілікті шараларды іске асыруда қолдауға дайын тұратын кәсіпкерлердің де бар екендігі қуантады. Үлкен көмекті облыстық жекпе-жек өнері федерациялары көрсетті ,олардың әрқайсысы шет елдерден қарсыластарды шақыруға қаражат бөлді, ал бұл - шығынның негізгі бөлігі. Хэдлайнерлер мен жұлдызды қонақтарды демеушілік көрсеткен адамдардың арқасында шақырдық. Олардың көмектесуге дайын екендігі  мен көрермен залының лық толуы болашақта Атырау Қазақстандағы спорт астанасы бола алатындығын көрсетеді, біз оған бар күшімізді саламыз, - деді дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Бекет.

null

Жалпы алғанда, Атырау облысының спортшыларына қолдау көрсетуге 2,5 мыңнан аса адам келді. Көрермендердің жартысы фестивальді мұз сарайында тамашалады, ал өзге тұрғындар жекпе-жекті көшеде LED экраннан көруге мүмкіндік алды.
null

Атырау облысының спортшылары жанкүйерлердің үмітін ақтап, барлық 16 ұрыста да жеңімпаз атанды. Кештің финалдық жекпе-жегінде Атыраулық күрескер Исатай Теміров бразилиялық  Фортунат Лапты қуатты апперкотпен нокаутқа түсіріп, көрермендерді таң-тамаша қылды.

Іс-шарада Атырау облысының спортшылары жақын және алыс шетелден келген спортшылармен  жекпе-жектің 16 түрі -ММА, дзюдо, самбо, күрес  самбосы, таеквандо, жекпе-жек, каратэ ВКФ, бокс, кикбоксинг, Тай боксы, панкратион, грек-рим күресі, джиу джитсу, киокушинкай каратэ, ережесіз жекпе-жек бойынша күреске шықты. Мұнай астанасына Украина, Ресей, Грузия, Әзербайжан, Бразилия, Корея, Түркия, Испания, Тайланд, Польша, Бельгия, Иран, Марокко және басқа да 16 елден спортшылар қатысты.
null 

null

null

Соңғы жаңалықтар