Атырауда жарты жылда 200 адам құрт ауруына шалдыққан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жарты жылдың ішінде туберкулезге шалдыққан 217 адам анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі таңда республикада аталмыш ауруға шалдығу көрсеткіші ең жоғары болып отыр. Биыл бірінші алты айда туберкулез жұқтырған 217 адам анықталды. Дәрігерлер соңғы 5-6 жылда алғаш рет осы ауруға шалдығу жағдайының өскеніне алаңдап отыр», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Өмірзақ Зинулин.

Бүгінде Атырау облысында туберкулездің ашық түрін жұқтырған 1 176 адам анықталған. 

Соңғы жаңалықтар